География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  96 | 97 | 98 | 99 | 100  >  >>

ның климаттық диаграммалардың біреуін (Триполи, Антананариву, Фритаун, Виндхук, Хартум, Алжир) таңдап, атластар мен оқулықтағы қосымша мәліметтері көмегімен сипаттама береді. Яғни, температураның жыл ішіндегі өзгерісін талдайды, ең суық және ең ыстық айдың орташа температурасын анықтайды, жылдық температураның айырмашылығын анықтайды, жылдық жауын-шашын мөлшерін және түсу мерзімін анықтайды, температура мен жауын-шашынның жыл ішіндегі өзгерістерінің себебін түсіндіреді және берілген диаграммаға сәйкес келетін климаттық белдеу мен климат жағдайын анықтайды.
Екінші тапсырманы орындағанда ең алдымен берілген объектілерді дүние жүзінің немесе Африканың физикалық картасынан тауып, сосын оларды Африканың кескін картасына түсіреді.
ІІІЖалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сынып: 7
Күні:
Тақырыбы: Аустралия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климаты.
Білімділік мақсаты – Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, зерттелу тарихын, теңізде жүзушілер А. Тасман мен Д. Куктың зерттеу жұмыстарын және еуропалықтардың қоныстануын зерттеу, жер бетінің құрылысы туралы білімді қалыптастыру, Аустралияның климат жағдайы мен ішкі суларының ерекшеліктерін көрсету, климат белдеулері, сондай-ақ тропиктік шөлдердегі ішкі сулардың ерекшелігі жөніндегі жалпы ұғымдарды қалыптастыруды жалғастыра беру.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру, картамен жұмыс істей оку шеберлігін жалғастыра беру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білу

Страницы: <<  <  96 | 97 | 98 | 99 | 100  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: