өнінде айтқанда мұғалім Үлкен Тосқауыл рифіне сипаттама беруге тоқталады. Осыған орай қабырғаға ілінетін "Үлкен Тосқауыл рифі" қабырға суретіне талдау жасалады. Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақ қояды: Маржанның пайда болуына қандай жағдай қажет? Маржан шоғырлары ерекше әдемі көрінеді. Олар қызыл, көгілдір реңді болып келеді, ашық түстілері, ал қызылдары және қызыл күреңдері де кездеседі. Бұлардың бәрінің пішіні бұтаға ұксайтындықтан оларды маржанды бақтар деп те атайды. Үлкен Тосқауыл рифін теңіз жұлдыздары, теңіз кірпісі, үлулар мен бақалшақтар да мекендейді. Бақалшақтардың ішіндегі ең құндысы - меруертті ұлу, бұлардың ұзындығы бір метрге жетеді, одан да асып түседі. Олардың қабырғаларында аса құнды меруерттер пайда болады.
Материктің ашылуы және зерттелу тарихын қарастырған кезде Аустралияның Еуропадан тым шалғайда болуына байланысты өзге материктерден кейініректе ашылғаны атап айтылады.
Табиғат байлықтарын (жайылым, пайдалы қазбалар) іздестіру оның ішкі бөліктерін зерттеуге себепкер болды.
Аустралияның жер бедерін Африка жер бедерімен салыстыру арқылы оқуға үйрену керек. Мұғалім "Жер қыртысының құрылысы" картасы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді. Ауетралияның да Африка платформасы сияқты ежелгі Гондвана материгінің бір бөлігі екені айтылады. Одан кейін мұғалім оқушыларға Аустралияның физикалық картасын "Жер қыртысының құрылысы" картасымен салыстырып, мына сұрақтарға жауап беруін өтінеді:
1. Материктің ең ескі бөліктері қайсылары?
2. Осы бөліктердің жер бедері қандай?
3. Материктің қай бөлігі кейініректе пайда болған және оған қандай жер бедері сәйкес келеді?
Бұдан соң мұғалім кристалды фундаменттің неғүрлым кәтеріңкі болатын батыс бөлігін ерекше атап өтеді. Ол жер бедерінің таулы үстіртті пішіндерін
Страницы: << < 98 | 99 | 100 | 101 | 102 > >>