кендігін анықтайды. Оқушылар «материктің географиялық орны» ұғымын кеңейтеді, материктің ендік пен бойлықтағы орнының оның табиғат жағдайының қалыптасуына қандай маңызы болатынын анықтайды.
Сосын материктің шеткі нүктелерін және олардың координаталарын анықтайды.
Солт. -те Эль-Абьяд мүйісі – 370 с. е 100 ш. б.
Оңт. -те Игольный мүйісі– 350 о. е 200 ш. б.
Батыста Альмади мүйісі – 150 с. е 180 б. б.
Шығыста Хафун мүйісі – 100 с. е 510 ш. б.
Кескін картаға материк жағалауындағы жылы және суық ағыстардың бағыттарын белгілеп, олардың пайда болуын түсіндіреді. Ағыстардың материк табиғатына тигізетін әсерлеріне нақты мысал келтіреді.
Балалар Солтүстік Африканың ежелгі мемлекеттері, материктің табиғат байлықтары туралы білгендерін айтып береді.
Оқушылар олардың саяхат маршруттарын картадан қадағалап отырады.
Одан кейін оқушылар жер қыртысының түрлері және жер шары бедерінің ірі элементтерінің орналасу заңдылықтары туралы білімдерін еске түсіру үшін оқулықтағы мәтіннің алдында тұрған сұрақтар бойынша әңгімелер өткізіледі. Африканың жер бедерін оқып үйренгенде карта бойынша және оқулық соңындағы жоспар бойынша жүзеге асырады.
ІVСабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында мынадай жұмыстарды береді:
1. Африка материгінің жер бедеріне жоспар бойынша сипаттама беру.
2. Кескін картаға Африка материгі жағалауларын шайып жатқан мұхиттарды, теңіздерді, түбектерді, аралдарды тауып және материктің шеткі нүктелерін, Кап, Атлас тауларының жату бағыттарын және салыстырмалы жасын анықтап, таулардың, таулы қыраттар мен жазықтардың аттарын және шартты белгілер арқылы пайдалы қазбалардың орындарын белгілеңдер. Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше орындаған жұмыстарын, яғни Африка материгінің жер бедеріне жоспар бойынша сипаттама
Страницы: << < 82 | 83 | 84 | 85 | 86 > >>