м-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
ІІЕң алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексеріп, Оңтүстік Америка материгінің саяси картасын жатқа сұрайды.
Сосын оқушылардың Венесуэла, Аргентина, Перу елдеріне жасаған сипаттамаларын тыңдайды. Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетіп, Оңтүстік Америка материгінің саяси картасын жатқа айтып көрсетеді.
Сосын Венесуэла, Аргентина, Перу елдеріне жасаған сипаттамаларын айтады.
ІІІБұл бөлімге оқушылардың көңілін аудару үшін мұғалім олардың материктің табиғаты жөнінде не білетінін сұрайды.
Одан кейін мұғалім қай материк Африкадан үлкен, ал қай материк кіші деген сұрақтарды қояды.
Мұғалім материктің шеткі нүктелерін оқушыларға анықтатады:
Африка жан-жағынан бірнеше мұхиттар мен олардың теңіздерімен шайылып жатыр. Тек қана солт-шығысында жіңішке мойнақ арқылы Азиямен жалғасқан. Бұл қандай мойнақ деп сұрайды. Мойнақ арқылы ұзындығы 161 км канал қазылған. Суэц каналының іске қосылуы дүние бөліктерінің өзара байланысын жақсартып, Атлант және Үнді мұхиты арасындағы су жолын қысқартты. Мысалы, канал салынбай тұрған уақытта Үндістанға бару үшін Африканы айналып өту керек болса, канал салынған соң, Еуропадан Үндістанға бару үшін жол 6000-8000 км-ге, сол сияқты Аустралияға баратын жол 10000 км-ге қысқарды. Суэц каналы 19ғ ортасынан басталып, 10 жыл бойы салынған. Канал Египет Араб Республикасына қарайды.
Теңіздер мен мұхиттарға сипаттама бергенде Қызыл теңіздің, Атлант және Үнді мұхиттарының жағаға таяу бөліктерінің географиялық орнын, ұзындығын, енін суреттеу үшін картамен жұмыс жасайды.
Сосын мұғалім Солтүстік Африканың ежелгі мемлекеттері, материктің табиғат байлықтары туралы нені білетінін ай
Страницы: << < 80 | 81 | 82 | 83 | 84 > >>