қындап алады. Сонымен бірге мұғалім Африканың Еуропадан онша алыс еместігіне қарамастан, еуропалықтардың оған бара алмағандығының себебін түсіндіреді. Оның ішкі аймақтарына апарар жолды солтүстікте Сахара шөлі, ал батысы мен шығысында материкке енуге қиындық келтіретін тік жағалар бөгеп жатты және еуропалықтарды Африканы зерттеуге құлшындырған себептерді көрсетеді, оқушыларға ең алдымен алғашқы саяхатшылар мен зерттеушілердің қандай жағдайда жұмыс істегенін баяндайды, отарлаушы елдердің басқыншылық саясат жүргізгеніне және африкалықтарды 400 жыл бойы аяусыз қырғынға ұшыратқанына ерекше көңіл бөледі.
Еуропалықтарға материк туралы ұғым 15ғ аяғында ғана белгілі бола бастады. Португалдықтардың ашқан жерлерін сипаттағаннан кейін мұғалім адамзат тарихындағы масқара оқиға – құл саудасы туралы айтып береді. Африканың байырғы халқының қариялар мен ауру адамдар өлтіріліп, еркектер, әйелдер мен балалар аяусыз құлдыққа салынған. Бұдан кейін мұғалім Д. Ливингстон, В. В. Юнкер, Н. И. Вавиловтың зерттеулері жөнінде айтып береді. Материктің табиғат байлықтарын пайдалы қазбаларын, жер асты суларын зерттеуде кеңестік мамандар көп еңбек сіңірді.
Мұғалім Африка жер бедерін анықтау алдында оқушылармен бірге Африканың физикалық картасының қай топқа жататынын, онда табиғаттың қандай компонеттері бейнеленгенін сұрайды. Африканың жер бедерін оқып үйрену карта бойынша жүзеге асырады. Бұл үшін оқулық соңындағы жоспарды пайдаланады. Оқушылар Африка жайлы радиодан естіді, теледидар хабарлдарын көрді, көп оқыды. Өзіндік ерекшелігі бар мол Африка жайында көптеген қызықты кітаптар жазылғанын айтады.
Оқушылар мұғалімнің тапсыруы бойынша экватордың нөлдік меридианның, тропиктің қай арадан өтетінін, параллельдер мен меридиандардың неше градус аралықта жүргізілгенін, карта масштабы қандай е
Страницы: << < 81 | 82 | 83 | 84 | 85 > >>