География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  49 | 50 | 51 | 52 | 53  >  >>

г пен Алексей Чириков Солтүстік Американың солт-батыс жағалауларын зерттеп, Алеут аралдары мен Аляска жағалауларына келеді.
- 20 ғ-ң басында норвег поляр зерттеушісі Рауль Амундсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, Жердің солтүстік магниттік полюстің орнын анықтады.
Солтүстік Американың жер бедері тақырыбын физикалық картадан Солтүстік Американың жер бедерінің қандай пішіндері басым екенін және «Жер қыртысының құрылысы» картасы бойынша материк ежелгі қандай платформада орналасқанын анықтауға тапсырма беруден бастайды.
Кордильера тауларының пайда болуын мұғалім литосфералық тақталар теориясына сәйкес Солтүстік Америка тақтасы мен Тынық мұхит тақтасының соқтығысу нәтижесінде пайда болғанын түсіндіреді. Мұғалім оны Канаданың Арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйелері қалыптасуы мысалында түсіндіреді. Келесі айтылатын мәселелер материктегі пайдалы қазбалардың таралуындағы заңдылықтарды ашу. Кен орындарының пайда болуындағы жер қыртысының қалыптасу тарихы мен жер бедері пішіндерінің арасындағы байланыстарды анықтау. Яғни, Орталық және Ұлы жазықтардың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмірдің, ал Аппалач пен Кордильера тау жүйесінің қойнауларының магмалық жолмен пайда болған түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келетіндігін түсіндіреді. Жарты шарлар және Солтүстік Американың физикалық карталарын пайдалана отырып, Солтүстік Американың географиялық орнын анықтайды: Солтүстік Американың экваторға, бас меридианға және Солтүстік тропикке қатысты орнын; материктің шеткі нүктелерінің геогафиялық координаталарын; басқа материктерге, мұхиттар мен теңіздерге қатысты орнын анықтайды.
Оқушылар Солтүстік Американың географиялық орнын анықтағаннан кейін, оны Еуразия материгінің географиялық о

Страницы: <<  <  49 | 50 | 51 | 52 | 53  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: