Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Солтүстік Американың физикалық картасы, Азияның саяси картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдісСабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (40 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)
ІV кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
КезеңМұғалім әрекетіОқушылар әрекеті
ІМұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
ІІМұғалім жаңа сабақты оқып-үйренуді «материктің географиялық орны» ұғымының не екенін, нені қамтитынын сұраудан бастау керек. Ұғымды естеріңе түсіргеннен кейін, мұғалім материктің географиялық орнын оқып үйренуге қажетті тапсырманы береді. Мұғалім берілген тапсырмада қандай карталармен жұмыс істейтіндерін және нені анықтайтындығы жөнінен қысқаша нұсқау береді.
Мұғалім материктің ашылуы мен оны еуропалықтардың қалай игергендігі туралы оқушыларға әңгімелеп береді.
Материктің ашылу және зерттелуі туралы фактілер:
- 10 ғ-ң аяғында нормандықтар Гренландия жағалауларына, одан кейін Лабрадор түбегіне жетеді.
- 15 ғ-ң аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық теңізде жүзуші Джон Кабот Атлант мұхиты арқылы Солтүстік Америка жағаларына жетіп, Ньюфаунленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты.
- 1519ж испандық жаулап алушы Эрнан Кортес басқарған экспедиция қазіргі мексика жерін жаулап алып, испан билігін орнатады.
- 17 ғ-да ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон және Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауларын ашады.
- 1741ж орыс саяхатшылары Витус Берин
Страницы: << < 48 | 49 | 50 | 51 | 52 > >>