ды тыныштыққа орнатып, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІМұғалім сабақты Еуропаның қандай аймақтарға бөлінетінін және жеке аймақтарға сипаттама берудің жоспарын естеріне түсіруден бастайды.
Бұдан кейін мұғалім мұғалім Азияның табиғаты мен шаруашылық сипатына қарай Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Солтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия болып бөлінетінін атап көрсетеді. Бұл аймақтарды дәптерлеріне жазғызып, шекарасын картадан көрсетеді.
Жеке аймақтарға сипаттама беруді Оңтүстік-Батыс Азия елдерінен бастайды. Аймақтағы сипаттама беруде Еуропа елдерінде берілген жоспар бойынша жұмыс істеуді одан әрі жалғастырады. Оңтүстік-Батыс Азия елдері шекарасы Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыраттары арқылы өтеді. Құрамына Түркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғанстан, Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт мемлекеттері кіреді. Аталған мемлекеттерді Дүние жүзінің саяси картасынан қарап, табуды ұсынады.
Сосын мұғалім бұл аймақтың халқының ерекшелігі ұлттық құрамы өте күрделі екенін айтып, тақырыптық картадан бұл аймақта қандай халықтар тұратынын анықтаңдар деп айтады.
Шаруашылығы жөнінен аймақ мұнай өндіру және мұнай өңдеумен әлемге әлгілі. Еуразияда кездесетін пайдалы қазбаларын анықтаңдар деп тапсырма береді. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды. Еуропа елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес Солтүстік Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа деп бөлінетіндігін баяндап, осы аймақтарды картадан көрсетеді.
Жаңа материалды оқып-үйренуде оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып Азия көлемінің 44 шаршы шақырым, халқының саны 3,5 млрд асатынын анықтайды.
Оқ
Страницы: << < 40 | 41 | 42 | 43 | 44 > >>