ушылар физикалық картамен және оқулық мәтінімен жұмыс істей отырып, Оңтүстік-Батыс Азия елдері аймағының табиғаты мен оның ерекшеліктеріне сипаттама береді.
Сосын оқушылар дүние жүзінің саяси картасынан Түркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғанстан, Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт мемлекеттерді тауып көрсетеді.
Оқушылар тақырыптық карта мен оқулық мәтінін пайдаланып, Арабия түбегі мен Месопотамия ойпатында, Жерорта теңізінің кейбір жағалық елдерінде арабтар тұрады. Кіші Азия түбегінде түріктер мен курдтар, Иран таулы қыратында парсылар, ауғандар мен тәжіктер, Арабия түбегінің Жерорта теңізі жағалауында еврейлер қоныстанған айтады. Ал Кавказда көптеген ұлттардың өкілдері тұрады, саны жағынан әзірбайжандар, грузиндер мен армяндар басым.
Келесі кезекте оқушылар Еуразияның кешенді картасын пайдалана отырып, аймақтың пайдалы қазбаларын анықтайды.
ІІІТақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға келесі тапсырманы береді.
1. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, төмендегі кестені толтыру.
Аймақ
Осы аймаққа кіретін елдер
Мекендейтін халықтар
Шаруашылығы
Оқушылар Еуропаның аймақтарына сипаттама беріп, мына кестені толтырады.
Аймақ
Осы аймаққа кіретін елдер
Мекендейтін халықтар
Шаруашылығы
Оңтүстік-Батыс Азия
Оқушылар кестені толтырып болған соң, қорытынды жасайды.
ІVҮй жұмысы:
1. 25, 26 оқып, мазмұнын айту.
2. Тапсырманы аяқтау.
3. Кескін картаға Еуропаның тарихи-географиялық аймақтарды түсіру. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
VМұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін беред
Страницы: << < 41 | 42 | 43 | 44 | 45 > >>