аруашылығының басты салаларын атаңдар.
Сосын балалардың дәптердегі тапсырмаларды тексеріп, бағалайды. Ең алдымен оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: Еуропа елдері ежелден-ақ географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес төрт тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады. Олар Солтүстік Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа. Солтүстік Еуропаның жетекшәі елдері - Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия, ал жетекші сала металлургия, мұнай өндіру, ағаш өңдеу, машина жасау екенін айтады. Сосын үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді.
ІІІЕң алдымен мұғалім Шығыс Еуропа елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес Еуропаның шығысын алып жатқандығын айтып, бұл аймақты картадан көрсетеді.
Бұдан кейін мұғалім жеке аймақтарды өз беттерінше оқып үйренуге тапсырма береді. Шығыс Еуропа аймағына сипаттама берудің жоспарын ұсынады.
1. Шекаралары мен құрамы
2. Аймаққа кіретін мемлекеттер
3. Табиғат жағдайлары
4. Халқы, олардың тұрмыс жағдайлары
5. ШаруашылығыОқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды.
Шығыс Еуропа аймағына кіретін мемлекеттерді картадан тауып, көрсетеді.
Оқушылар берілген жоспар бойынша Дүние жүзінің физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Еуропаның саяси картасы мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, Еуропаның Шығыс Еуропа аймағына сипаттама береді.
ІVТақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушылардың сипаттамаларын тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақты жан-жақты талдайды.
Сосын оқушыларға келесі тапсырманы береді.
1. Кескін картаға Еуропаның тарихи-географиялық аймақтарын түсіру.
Тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылар жоспар бойынша Шығыс Еуропа аймағына сипаттама берген соң, бір-екі бала тақта алдында сипаттама береді. Қалғандары олар
Страницы: << < 38 | 39 | 40 | 41 | 42 > >>