су, көпжылдық тоң, батпақтар мен жер асты сулар тақырыпшаларын бөліп береді. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды. Материктің көлемі өзеннің ұзындығына әсер етеді, сондықтан да Еуразия ең үлкен материк болғасын, ондағы ірі өзендері өте көп екенін айтады.
Оқушылара өзендердің орналасуына жер бедері қалай әсер етеді деген сұраққа Еуразия мен Солтүстік Американың өзендерін мысалға ала отырып, бұл байланыстылықты көрсетеді.
Оқушылар Еуразия өзендері режимінің өте алуан түрлі болып келеді деп өздері қорытынды шығарады. Оқушылар одан әрі ішкі тұйық алап көлемінің үлкен болып келу себептерін анықтайды.
Балалар сурет бойынша өзен алаптарын шекарасын анықтайды да, оларды физикалық картадан көрсетеді.
Оқушылар Еуразиядағы көлдер, қазіргі заманғы мұз басу, көпжылдық тоң, батпақтар мен жер асты сулар тақырыпшаларын бөліп беріп, оларды оқиды, қорғайды және бір-біріне сұрақтарды қояды.
ІVТақырыпты бекіту үшін балаларға келесі тапсырманы береді:
1. Картаны пайдаланып, оқулық соңындағы жоспар бойынша материктің бір өзеніне сипаттама беру.
2. Оқулықтағы 42 суретті пайдаланып, Янцзы өзеніндегі су деңгейінің жыл ішінде өзгеруін талдап, себебін түсіндіріңдер. Тақырыпты бекіту үшін балалар тапсырмаларды орындайды. Сосын балалар жоспар бойынша бір өзенге сипаттама береді.
Сосны балалар оқулықтағы 42 суретті пайдаланып, Янцзы өзеніндегі су деңгейінің жыл ішінде өзгеруін талдап, себебін түсіндіреді.
Сабақтың соңында екі бала сынап алдында орындалған жұмыстар туралы есеп береді.
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІЖалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. Үзіліске шығады.
Сынып: 7
Страницы: << < 30 | 31 | 32 | 33 | 34 > >>