рдың омыртқалы жануарлар тип тармағына тән қандай белгілері бар?
Қандай белгілер адамдар мен адамтәрізді маймылдарға ортақ
Дамып келе жатқан адам ұрығының қандай белгілері адамның жануарлардан шыққанын көрсетеді?
Тек қана адамдарға тән қандай құрылыс ерекшеліктері бар?
Сүткоректілердің қай тобынан приматтар отряды шықты?
Эволюциялық даму барысында маймылдардың қайсысынан адамға апаратын бұтақ өзінің басын алды?
Адамның эволюциялық даму кезінде табиғи сұрыпталу қанадай бағытта әсер етті?
13 лекция - Еңбек-адам эволюциясының маңызды факторының бірі. Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының факторларының бірі.
Дәрістің мақсаты: Саналы адамның қалыптасуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерімен антропоморфоздық өзгерістермен таныстыру.
Сұрақтар:
Еңбек-адам эволюциясының маңызды факторының бірі.
Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының факторларының бірі.
Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Ф. Энгельс Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі деген еңбегінде адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалап, еңбек – бүкіл адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, мұның өзінде біз белгілі мағынада: адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз – деп жазды. Олай болса еңбек антропогенездің басты қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын өзі жасап алады. Кейбір адамтәрізді маймылдар қарапйым құралдарды пайдалана алғанмен, оларды жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Энгельстің айтуына қарағанда адамдардың ата-тектері бұрын орманды мекендеген адамтәрізді маймылдардың ертедегі тобы болған.
Страницы: << < 46 | 47 | 48 | 49 | 50 > >>