Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  45 | 46 | 47 | 48 | 49  >  >>

жүйе.
Ал адамдарға бірінші сигналдық жүйе мен қатар екінші сигналдық жүйе де тән (сөйлеу, сана-сезім).
Сөз – адамдар арасындағы қарым-қатынастың, аға ұрпақтың болашақ ұрпаққа тәжірибесін беріп, адам тәрбиелеудің маңызды құралы. Сөздің арқасында нақтылы өмірде бар нәрселерден дерексіздік тұғызып, қортындылау, дерексіз ойлау мүмкіндігі тек адамға тән қасиет.
Антропогенездің қозғаушы күші (факторлары).
Адамның шығу тегін, дамуын және қалыптасуын зерттейтін антропология ғылымының бір тарауы антропогенез деп аталады. Адам органикалық дүние эволюциясында ең кейін пайда болған биологиялық түр болып саналады. Органикалық дүниенің негізгі эволюциялық факторларының тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алатынын Ч. Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталудың әсер етуіне байланысты өте ертеде тіршілік еткен адам тәрізді маймылдардың ағзаларында бірқатар морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Соның нәтижесінде олар бірте-бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен ажырай бастады. Өзінің бұрынғы функциясынан босанған қол еңбек қаруларын жасауға дағдылана түсті. Сөйтіп жоғарыда көрсетілген үш фактор антропогенездің биологиялық факторлары болып табылады және бұл факторлар антропогенездің алғашқы кезеңінде әсер етті. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Антропогенез процесінде әлеуметтік факторлардың да елеулі орын алатын Ф. Энгельс өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Әлеуметтік факторларға еңбек, қоғамдық тіршілік, ақыл-ой және сөз жатады.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Қандай белгілер бойынша адамдарда сүткоректілер класына жатқызады?
Адамда

Страницы: <<  <  45 | 46 | 47 | 48 | 49  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: