Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  31 | 32 | 33 | 34 | 35  >  >>

ықтары әр түрлі орта жағдайларына түрліше бағытта бейімделуімен түсіндіріледі.
Макроэволюциялық әрекеттер нәтижесінде түрден жоғары жүйелеу топтарының пайда болатыны белгілі. Қазіргі кезде систематикада немесе жүйелеуде ағзаларды келесідей топтарға бөледі: дүние, дүние асты, тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр (жануарлар үшін). Өте үлкен жүйелеу топтарында мынадай аралық категориялар: тип тармағы,класс тармағы, тұқымдас үсті, тұқымдас асты т. б. қосылады.
Өсімдіктер топтарын жүйелеу үшін – бөлім, класс, қатар, тұқымдас, туыс, түр деп аталатын систематикалық категориялар қолданылады.
Түрлердің шектен тыс көп болуынан және ғалымдардың өсімдіктер мен жануарлар әлеміне ағзалар топтары арасындағы туыстық байланыстарды көрсететін жүйе жасауға тырысуынан жүйелеу категорияларының саны көбейе түсті.
Органикалық дүниенің эволюциясы көптеген биологиялық ғылымдардың салыстырмалы анатомияның, эмбриологияның, палеонтология мен биогеографияның жетістіктерінің нәтижесінде дәлелденеді.
Салыстырмалы анатомия ағзалар құрылысының ұқсастығы мен айырмашылықтарын зерттейді. Органикалық дүниенің бірлігінің бірінші басты дәлелі, барлық ағзалардың денелерінің ең кіші бірлік жасушадан тұруы яғни жасуша теориясы.
Органикалық дүние эволюциясының және оның бір түбірден шыққандығының (монофилия) дәлелі гомологиялық мүшелер мен рудименттер және атавизмдердің болуында.
Шығу тегі мен құрылысы бір-біріне сәйкес келетін, бірақ әртүрлі қызмет атқаратын мүшелердің гомологиялық деп аталатынын жоғарыда айтқамыз.
Рудименттер дегеніміз эволюция әрекеті кезінде өзінің алғашқы мәнін жоғалтқан мүшелер, олар қалдық түрінде сақталған. Адамдарда рудименттер саны 100–ге таяу: ақыл тіс, адам қаңқасындағы құйымшақ (ол өсіп жетілмей, өзара бітісіп немесе бірігіп кеткен 4-5 омырт

Страницы: <<  <  31 | 32 | 33 | 34 | 35  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: