нісі мен құрылысын тіршілік еткен кезіндегідей етіп қалпына келтіріп, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы біле алды.
Палеонтологиялық деректерден әртүрлі жүйелеу топтарының арасындағы бірізді байланыстар туралы көп материалдар алуға болады. Бір жағдайларда өтпелі формаларды анықтауға тура келсе, екінші жағдайда - филогенетикалық қатаралрды, яғни бірінен соң бірі дәйектілікпен алмасып тұратын түрлер қатарын анықтаудың сәті түсті.
Биогеография - жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Планетаның жеке бөліктері неғұрлым ерте оқшауланса, сол территорияны мекендейтін ағзалардың да айырмашылығы көбірек байқалады.
Тірі табиғаттың тарихи дамуы қарапайымнан күрделіге қарай, төменгі сатылы формалардан жоғары сатылыға қарай яғни прогрессивті жолмен жүрді. Сонымен қатар эволюция әрекеті ағзаларды қоршаған орта жағдайларына бейімдеу арқылы жүрді. Тіршілік жағдайының өзгерісі бір бейімділіктің екінші бейімділікпен алмасуын тудырады.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Биологиялық прогреске қандай белгілер тән?
Биологиялық регресс қалай жүзеге асады?
Қандай жануарлар кәзіргі кезде биологиялық прогресс арқылы дамуда?
Ағзалар эволюциясының негізгі бағыттары қандай?
Биологиялық эволюцияның қай бағыты кезінде ағзалар тобы өздерінің құрылыс деңгейлерін күрделендіреді?
Ароморфозға мысалдар келтіріңіз.
Арамтамақтыққа (паразиттікке) көшкен ағзалардың құрылысы қалай өзгереді?
Идеоадаптацияның араморфоздан айырмашылығы неде?
Макроэволюцияның микроэволюцияға ұқсастығы қандай?
Макроэволюцияның микроэволюциядан айырмашылығы неде?
Салыстырмалы анатомия нені зерттейді?
Аналогиялық мүшелердің, гомологиялық мүшелерден ацырмашылығы неде?
Конвергенция кезінде қандай мүшелер қалыптасады?
Страницы: << < 33 | 34 | 35 | 36 | 37 > >>