цестерінің жүрмеуі (яғни түр тармақтарының түзілмеуі), популяция санының кемуі. Биологиялық регресс түрлердің жер бетінен жойылып кетуіне апарып соғады.
Тарихи даму кезінде эволюцияның бағыттары бірімен-бірі алмасып отырады. Ірі жүйелеу топтарының (мысалы, типтер мен кластардың) эволюциялық жолдары өте күрделі.
Сөйтіп ароморфоз арқылы дамып жаңа ортаны өмір сүруге игерген ағзалар тобы жеке популяциялар түрінде идиоадаптация жолымен сыртқы ортаның белгілі бір жағдайына бейімделе алады екен.
Биологиялық эволюцияның жалпы заңдылықтары
Сүткоректілердің әртүрлі экологиялық ортаға өмір сүруге бейімделуі кезінде белгілердің ажырауы, яғни дивергенция жүреді. Сүткоректілер класының құрамына көптеген отрядтар енеді, олардың коректері, өмір сүру орталары әртүрлі. Жоғарыда айтылғандай киттәрізділер сулы ортаны, жарқанаттар ауаны, тақтұяқтылар жер бетін мекендейді. Қозғалыс әдістеріне байланысты бұл топтардың аяқтарының құрылысы өзгеріске ұшырайды. Сөйтіп барлық сүткоректілердің аяқтары бір-бірінен сыртқы пішіні жағынан ерекшеленсе де, олардың барлығының құрылысы мен шығу тегі бір-біріне сәйкес келеді. Кез келген масштабтағы дивергенция немесе белгілердің ажырауы табиғи сұрыпталудың топтық түрінің нәтижесі. Дивергенция түрлерге ғана емес, туыстарға да, тұқымдастарға да, отрядтарға да тән құбылыс.
Дивергенцияның нәтижесінде атқаратын қызметтері әртүрлі бірақ құрылыстары мен шығу тегі бір-біріне сәйкес келетін мүшелер дамиды. Құрылысы мен шығу тегі бір-біріне сәйкес, ал атқаратын қызметтері әртүрлі мүшелер – гомологиялық мүшелер деп аталады. Бұл мүшелердің дамуы дивергенцияның нәтижесі.
Сүткоректілер класы дивергенттік эволюция барысында (гидробионттар, хтонобионттар, эдафобионттар, авиобионттар) барлық өмір сүру ортасын игеріп қамтыды. Өмір сүру орталары:
Страницы: << < 29 | 30 | 31 | 32 | 33 > >>