Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>

жер беті, жер асты, сулы орта, ауа). Дивергенттік эволюция нәтижесінде сүткоректілердің көптеген экологиялық топтары қалыптасып, олар бір-бірімен бәсекелеспей, әрқайсысы жеке дамыды.
Желілілер типіна жататын жер бетінде өмір сүретін әртүрлі класс өкілдерінің (бақалар, кесірткелер, құстар) алдыңғы аяқтарының да құрылыстары осы жоспар бойынша бірдей бөлімдерден тұрады.
Сондай ақ өсімдіктерге де гомологиялық мүшелер тән. Мысалы екпе бұршақтың мұрттары, сары ағаштың қылтандары, барбаристің инелері, кактустың тікендері – түрін өзгерткен жапырақтар. Шаңжапырақтың інжугүлдің тамырсабақтары, картоптың түйнегі, пияздың түбіртегі – түрін өзгерткен сабақтар.
Туыстас ағзалар эволюциясы барысында белгілер ажырап жаңа жіктелу категориялары түрлер, туыстар пайда болуын – дивергенция деп атайды. Бұл терминді алғаш рет ғалымға Ч. Дарвин енгізген. Оның айтуы бойынша дивергенцияның себебі, түрішілік бәсекелесу (конкуренция) және табиғи сұрыпталу.
Биологиялық эволюцияның келесі заңдылығы конвергенция. Ол дивергенцияның нәтижесі.
Макроэволюция түрден жоғары топтарда өтетін эволюция, ал микроэволюция түр ішінде немесе түр популяцияларының ішінде өтеді. Түрден жоғары топтарда өте үлкен кеңістікті қамти отырып, орасан зор уақыт аралығында өтетін туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілуімен аяқталатын эволюциялық әрекетті – макроэволюция деп атайды. Ол орасан зор тарихи уақыт аралығында өтетін болғандықтан, оны тікелей зерттеу мүмкін емес.
Макроэволюция мен микроэволюция арасында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды, үйткені макроэволюцияда да тіршілік үшін күрес, тұқым қуалайтын өзгергіштік және табиғи сұрыпталу, әсер етеді.
Макроэволюция нәтижесінде түзілген жүйелік топтардың өзара ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екендігімен, ал айырмашыл

Страницы: <<  <  30 | 31 | 32 | 33 | 34  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: