қалардан құралады), адам бүйенінің құрт тәрізді өсіндісі – соқыр ішек, құлақ қалқанын қозғалысқа келтіретін бұлшықет, көздің ішкі қиығында орналасқан үшінші қабақ және тағы басқалар. Ата-тектерінде бұл мүшелер жақсы дамып белгілі бір қызмет атқарған, ал кейіннен эволюция барысында өздерінің алғашқы мәндерінен айырылып, қалдық түрінде сақталған мүшелер.
Атавизмдер дегеніміз арғы алыс түрған ата-тектеріне тән белгілердің ұрпағында қайталануы болып табылады. Олардың рудименттерден айырмашылығы олар қалыпты жағдайдан ауытқу болып табылады. Адамдардың атавизмдерден: құйрығы, денесінде қалың түгі, қосымша емшектері болып туатын жағдайлары да болады.
Эмбриология – ағзалардың ұрықтық дамуын зерттейтін ғылым. Салыстырмалы эмбриологиялық зерттеулер барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтарының даму кездерінде болатын ұқсастықтарды дәлелдеді. Ағзалардың басым көпшілігі ұрықтанған жұмыртқадан дамиды. Ұрықтың даму кезінде олар келесі сатыларды басып өтеді: зигота, бөлшектену, бластула, гаструла, үш қабатты ұрық, желінің, жүйке түтігінің, асқорыту түтігінің қалыптасуын (барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтары даму кезінде осы сатылар арқылы қалыптасады).
Палеонтология – ағзалардың қазбадан табылған қалдықтарын зерттейтін ғылым. Жер бетінен . . . жойылып кеткен яғни қазбадан табылған жануарлардың сыртқы көрінісін қалпына келтіру арқылы олардың құрылысының кәзіргі жануарлармен ұқсастығы және айырмашылығы палеонтологиялық әдістермен анықталады. Мысалы ертедегі геологиялық қабаттардан тек омыртқасыздар типтерінің қалдықтары ғана табылса, кейініректегі қабаттардан – желілер типіне жататын өкілдердің қалдықтары, ал ең жасырақ қабаттарда кәзіргі заманғы түрлерге ұқсас жануарлардың қалдықтары сақталған.
Палеонтологтар қазба қалдықтар бойынша құрып кеткен ағзалардың сыртқы көрі
Страницы: << < 32 | 33 | 34 | 35 | 36 > >>