рганикалық дүниедегі мақсатқа сәйкестілік, яғни бұл ағзадағы барлық мүшелердің бір – біріне үйлесімділігі мен өзара байланыстылығы және олардың құрылысы мен қызметінің тіршілік ортасына бейімділігі. Тіршілік жағдайлары өзгерсе бейімділік белгілері де өзгереді. Бұл табиғи сұрыпталудың нәтижесі. Табиғатта ағзалардың бейімділігі салыстырмалы сипатта болады.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Түр түзілудің жолдары мен әдістері қандай?
Аллопатриялық және симпатриялық түр түзілу деген не?
Гибридогендік түр түзілудің ерекшелігі неде?
Дивергенттік түр түзілудің ерекшелігі неде?
Дивергенттік түр түзілу қалай жүзеге асады?
Филогенетикалық түр түзілу қалай жүреді?
Эволюция нәтижелері қандай?
2 бөлім. МАКРОЭВОЛЮЦИЯ. ЖЕР БЕТІНДЕ ТІРШІЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Глоссарий:
Тіршілік - Ф. Энгельстің анықтамасы бойынша: тіршілік дегеніміз ақуызды денелердің өмір сүру әдісі, ал бұл өмір сүру әдісінің мәнісі сол денелердің химиялық құрам бөліктерінің оларды қоршаған сыртқы орта мен зат алмасу нәтижесінде үнемі жаңарып отыруы, егер зат алмасу тоқтаса тірішілік те тоқталады, ақуыздар ыдырайды.
Тірі дене – биополимерден (ақуыздар мен нуклеин қышқылдарынан) тұратын өзін өзі реттеп қалпына келтіріп отыратын ашық жүйе.
Онтогенез – даралардың зиготадан бастап өлімге дейінгі немесе индивидуальды дамуы.
Филогенез – органикалық формалардың тарихи дамуы. Түрдің, туыстың филогенезі болуы мүмкін.
Биогенетикалық заң – (неміс ғалымдары Ф. Мюллер (1864) және Э. Геккель (1866) бойынша) әрбір дараның өзінің жеке даму барысында, сол түрдің тарихи дамуын қысқаша қайталауы, немесе онтогенез филогенездің қысқаша түрде қайталануы. Кейінірек академик А. Н. Северцев (1866-1936) бұл заңға түзету еңгізді: онтогенез кезінде ата-тектерінің ересек формалары еме
Страницы: << < 24 | 25 | 26 | 27 | 28 > >>