ілу бастапқы түр ареалының ішінде жүреді. Бұл түр түзілудің бірінші әдісі – кариотиптің тез арада екі немесе бірнеше еселенуі арқылы жаңа түрлердің пайда болуы.
Кариотиптің өздігінен еселенуін – автоплоидия деп атайды. Өсімдіктерде жақын туыстас түрлердің хромосомаларының санының еселенген топтары жиі кездеседі.
Жануарларда полиплоидты формалар өте аз және олардың түр түзілудегі маңызы айтарлықтай емес, өсімдіктермен салыстырғанда.
Симпатриялық түр түзілудің келесі жолы – маусымдық немесе экологиялық оқшаулану нәтижесінде жаңа формалардың қалыптасуы. Табиғатта өсімдіктердің айқын көзге түсетін көптеген маусымдық формалары тіршілік етеді.
Симпатриялық түр түзілудің ерекшелігі, мұнда бастапқы түрге морфо - физиологиялық жағынан жақын жаңа түрлердің пайда болуы.
Дивергенттік түр түзілу.
Кез келген түрдің даралары ареалға біркелкі таралмай, ойдым-ойдымдалып, яғни бір жерде жиі, екінші жерде сирек болып, кезектесе орналасады.
Ареалда бір түр дараларының біркелкі таралмауы әртүрлі учаскелерде қалыптасқан тіршілік жағдайларының түрліше болуына байланысты (микроклимат, азықтың объектілер, топырақ құрамы, басқа түрлер).
Кез келген түрдің даралары жеке емес, топтасын тіршілік етеді. Мұндай топтардағы даралар арасында ұзақ уақыттар бойы күрделі қарым-қатынастар қалыптасады.
Ареалдың белгілі бөлігінде ұзақ тіршілік етіп, еркін будандаса алатын бір түр дараларының сол түрдің басқа жиынтығынан салыстырмалы түрде оқшауланған жиынтығын популяция деп атайды.
Бір популяцияның даралары сол түрдің көршілес популяциясының дараларымен салыстырғанда барлық белгілері мен қасиеттері бойынша өте ұқсас болып кетеді.
Бір түр популяциялары арасындағы айырмашылықты мына мысалдан
Гибридтік түр түзілу. Бұл негізінде өсімдіктерге тән түр түзіл
Страницы: << < 22 | 23 | 24 | 25 | 26 > >>