Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>

с, олардың ұрықтарына тән белгілер қайталанады деген.
Ароморфоз – түрлердің, популяциялардың даралардың құрылым деңгейі мен тіршілікке қабілеттілігін күрделендіретін немесе жоғарылататын жалпы маңызы бар бейімділік.
Идиоадаптация – жалпы құрылым деңгейінің күрделенуінсіз, тіршілік әрекеттерінің қарқындылығының артуынсыз-ақ ағзаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес бейімділіктердің пайда болуы.
Дегенерация – құрылым деңгейінің қарапайымдану арқылы ағзаларда пайда болған бейімділік.
Биологиялық прогресс – даралар санының өсуімен, тіршілік немесе мекен ету кеңістігінің кеңеюімен, түрішілік өзгергіштіктің жоғарылауымен немесе артуы арқылы жүретін құбылыс. Бұл кезде популяциядағы даралардың көбею қарқыны өліммен салыстырғанда әлдеқайда артық болады.
Биологиялық регресс – керісінше популяциядағы даралардың өлімі көбеюге қарағанда артығырақ, даралар санының кемуі, мекен ететін орта – ареалдың тарылуы, түрішілік өзгергіштіктің қарқындылығының төмендеуі, түрдің жойылуы.
Гомологиялық мүшелер – құрылысы мен шығу тегі бір-біріне сәйкес, бірақ атқаратын қызметтері әртүрлі мүшелер. Гомологиялық мүшелер – дивергенция немесе белгілердің ажырауының нәтижесінде дамиды.
Аналогиялық мүшелер - ұқсас қызмет атқаратын, бірақ шығу тегі мен құрылысы басқа немесе әртүрлі мүшелер. Аналогиялық мүшелер конвергенцияның нәтижесінде дамиды.
Конвергенция – дегеніміз әртүрлі систематикалық топтарға жататын жануарларда ұқсас орта жағдайларының әсерімен дамыған ұқсас белгілердің қалыптасуы. Дивергенция кезінде түрлердің көптүрлілігі пайда болады, ол өмір сүру орталары аз (литосфера, гидросфера, атмосфера). Сондықтан да әртүрлі топтарға жататын ағзалар бірдей ортада өмір сүруге мәжбүр болады (балықтар, крокодилдер, киттәрізділер сулы ортада; дене піш

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: