Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>

у жолы. Табиғаттағы өсімдіктердің 50–тен артығы гибридогендік формалар немесе аллополиплоидтар болып табылады. Аллополиплоидтар екі түрдің дараларын немесе әртүрлі туыстарға жататын түрлерді будандастыру нәтижесінде алынады. Мысалы 48 хромосомалы (2n 48) мәдени алхорыны кәдімгі шомырт (2n 32) пен алшаны (2n 16) будандастыру арқылы алған. Таңқұрайдың, темекінің, жусанның т. б. өсімдіктердің кейбір түрлері де осындай гибридогендік жолмен пайда болған аллополиплоидтар. Демек екі түрлі генотиптің бірігуінің нәтижесінде мүлде жаңа форма түзіледі. Бұған Г. Д. Карпеченконың тұрып пен орамжапырақты будандастырып алған түраралық буданы мысал бола алады.
Орыс ғалымы, селекционер И. В. Мичурин әр түрге тіпті әр туыстарға жататын дараларды будандастыра отырып қарабүлдірген мен таңқурайдың, алхоры мен шомырттың, шетен мен сібір доланасының және басқа өсімдіктердің гибридтерін алды.
Филогенетикалық түр түзілу. Бұл жолмен түр түзілу кезінде бастапқы түр даралары бірнеше ұрпақ бойы бүтіндей өзгере отырып жаңа түрге айналады. Жаңа түр морфологиялық ерекшеліктеріне қарай оңай ажыратылады. Жылқы тұқымдасындағы түрдің түзілу тарихын В. О. Ковалевский ашқан. Ол жылқылардың қазба формаларына филогенездік талдау жасап жылқы тобының тарихи дамуы сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне тығыз байланысты екенін дәлелдеп берді.
Корек сипатының өзгеруі (құрғақ шөптер) қатпарлы тістердің түзілуіне ықпал жасады. Соның нәтижесінде жылқының кәзіргі түрлері пайда болды.
Эволюцияның нәтижелері:
1. Эволюция әрекетінде тірі ағзалар құрылысының күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі іске асырылады.
2. Дивергенция, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу алуан түрлі орта жағдайларына бейімделген орасан көп ағза түрлерін жарыққа шығарып, түрлердің көптүрлілігі қалыптасады.
3. О

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: