Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>

індері ұқсас).
Рудименттер – тарихи даму барысында өзінің бастапқы маңызынан айырылып, жойылып кету сатысында тұрған мүшелер.
Атавизм – ата тегінде бар белгінің ұрпағында қайталануы.
9 лекция - Макроэволюция және оның дәлелдемелері.
Дәрістің мақсаты: Онтогенез бен филогенез арасындағы байланыспен, биогенетикалық заңдылықпен, анаболия, дивергенция, архаллаксистермен, дивергенция, конвергенция, параллелизм, араморфоз, девиация, идиоадаптация ұғымдарымен таныстыру.
Сұрақтар:
Макроэволюция қатынасы.
Рудименттер, атавизм
Эмбриология, палеонтология
Биологиялық прогресс
Биологиялық регресс
Эволюция үздіксіз және бейімділік сипатта жүріп жататын әрекет. Тірі табиғат төменгі сатыдан жоғары сатыдағы формаларға, қарапайымдардан күрделілерге қарай прогрессивті сипатта дамыды. Алайда күрделеніп дамумен қатар кейде ағзалардың құрылыс дәрежесінде қарапайымдану және қайсыбір мүшелердің жойылуы да болып отырды.
Ендеше органикалық дүниенің даму тарихын түсіну үшін эволюцияның негізгі бағыттары мен жолдарын ажырата білу керек.
Эволюция бағыттарының проблемаларын шешуге көрнекті совет ғалымдары А. Н. Серерцев, И. И. Шмальгаузен үлкен үлес қосты. Олар эволюцияның негізгі бағыттарының араморфоз, идиоадаптация және дегенерациядан құралатынын анықтап береді.
Биологиялық прогресс және биологиялық регресс
Органикалық дүниенің дамуы барлық замандармен кезеңдерде жердің геологиялық және климаттық жағдайларына сәйкес жүріп жатты. Ол жағдайлардың өзгеруіне байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де өзгеріп отырды. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыты биологиялық прогресс болды. Биологиялық прогресс кезінде ағзалар қарапайым төменгі сатыдан жоғары сатыларға дейін көтеріліп, құрылыстарын күрделендіреді. Тіршілік үшін

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: