болады. Мысалы, улы сарғалдақ шабындықтар мен егістіктерде таралған; сұлама сарғалдақ ылғалы мол жерлерде өседі; күйдіргі сарғалдақты өзен мен тоспалар жағасынан, батпақты жерлерден кездестіруге болады.
Сөйтіп түрді анықтау үшін бір ғана критерийді пайдалану жеткіліксіз, барлық критерийлер жиынтығы ғана түрге дұрыс сипаттама бере алады.
Микроэволюцияның нәтижесінде табиғатта жаңа популяциялар, түр тармақтары, түрлер түзіледі. Егер табиғатта бастапқы түрдің барлық критерийлері өзгерісе ғана жаңа түр түзіледі.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Түр дегеніміз не?
Түрдің қандай критерийлері бар?
Түр түзілудің жолдары мен әдістері қандай?
Түрлердің арасында гендер алмасуына қандай биологиялық механизмдер кедіргі жасайды?
Түр ареалы дегеніміз не?
8 лекция-Эволюциялық әрекеттің негізгі бағыттары мен жолдары
Дәрістің мақсаты: Эволюциялық әрекеттің негізгі бағыттарымен, түр түзілу жолдарымен және әдістерімен, тірі табиғаттағы көптүрліліктің пайда болуымен, аллопатриялық, симпатриялық, гибридогендік түр тұзілу әдістерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Түр түзілу әдістері
2. Түр түзілудің негізгі жолдары
Түр түзілу және оның жолдары мен әдістері
Түр түзілу тірі табиғаттағы көп түрліліктің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Табиғатта жаңа түрлердің пайда болуы – дивергенция, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу яғни эволюцияның қозғаушы кұштерінің әсерінен болатынын Дарвин дәлелдеп берді.
Түр ішіндегі тіршілік жағдайлары өзгерген кезде белгілердің ажырау процесі – дивергенция жүреді, сөйтіп түр ішінде даралардың жаңа топтасулары пайда болады. Бастапқа түрден бірнеше формалар шоғыры пайда болады, бірақ олардың барлығы бірдей одан әрі дами алмайды. Белгілері бойынша өте алшақ формалардың өсімтал үрпақтарды көбірек қ
Страницы: << < 20 | 21 | 22 | 23 | 24 > >>