Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>

алдырып, тірі қалу мұмкіндігі мол. Ал аралық формалар тіршілік үшін күресте шиеленісе бәсекелесіп, табиғи сұрыпталу әсерінен шексіз ұрпақтар қатарында біртіндеп өліп бітеді (яғни элиминацияға ұшырайды).
Популяция ішінде тарихи қысқа мерзімде жүретін эволюция процесінің нәтижесінде – түр ішілік жаңа топтамалар – түр тармақтары түзіледі. Популяциялар арасында еркін шағылысу мүмкіндігі болмайды, үйткені белгілер ажырап кетті, соның нәтижесінде генетикалық дербестік пайда болады. Мұндай оқшалану ең соңында бір түрдің екі немесе бірнеше түрге ажырауына мүмкіндік береді.
Түр түзілудің негізгі жолдары
Аллопатриялық түр түзілу. Оқшау ареалдары бар түрлер – аллопатриялық түрлер деп аталады. Аллопатриялық жолмен түр түзілу кезінде қандай да болса кең таралған бастапқы түр ареалы бірнеше бөліктерге бөлініп кетуі мүмкін. Әрбір бөлік жеке-жеке ареалдарға ие болып, белгілері бір-бірінен ажырап, оқшау дами бастайды.
Аллопатриялық түр түзілудің келесі әдісі бастапқы түр ареалының кеңеюіне байланысты жүреді. Ареалдың кеңеюіне байланысты түр популяциялары мен оның топтары бір–бірінен алшақтап жаңа орта жағдайлары әсерінен өзгеріп жаңа түр бастамаларына айналады. Мұндай түр түзілу көптеген құстар, кейбір бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және бунынаяқтылар арасында кездеседі. Бұл жол өте баяу, жүз мыңдаған ұрпақтар бойы жүретін әрекет. Оқшауланған түр бөліктері орасан зор уақыт аралығында өзіндік биологиялық ерекшеліктерге ие болып, оларда көбею дербестігі қалыптасады.
Микроэволюция процесі кезінде әрбір түр тармақтарының тіршілік әрекеттерінде, морфологиялық ерекшеліктерінде айырмақшылықтар дамып, соның нәтижесінде екі жаңа түр түзілген.
Симпатриялық түр түзілу.
Іргелес немесе тұтас ареалдары бар түрлер симпатриялық деп аталады. Симпатриялық түр түз

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: