санында немесе құрылысында өзгерістер болуы мүмкін, сондықтан мутацияларды геномды, хромосомалық, гендік мутациялар деп ажыратады.
Тұқым қуаламайтын немесе модификациялық өзгергіштік.
Бұл өзгергіштік кезінде ағзалардың фенотиптері өзгеріске ұшырайды. Фенотип дегеніміз - ағзалардың ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы. Түрдің даралары белгілі бір себеп әсерінен бір бағытқа қарай өзгереді. Сондықтан Дарвин бұл өзгергіштікке анықталған (яғни өзгеріс тудыратын факторлар белгілі, топтық өзгергіштік деген ат берген, үйткені өзгеріске тұқым қуалайтын өзгергіштегі секілді бір дара ғана ұшырамай, түр дараларының тобы өзгереді.
Тұқым қуаламайтын өзгергіштік сыртқы ортаның әртүрлі биотикалық және абиотикалық факторларының әсерінен пайда болады.
Тұқым қуалаушылық
Барлақ ағзалардың ата-тегінің құрылысы мен атқаратын қызметінің ерекшеліктерін сақтап келесі ұрпағына беретін жалпы қасиеттерін тұқым қуалаушылық деп атаймыз.
Ата-енесінің жалпы қасиеттері келесі ұрпақтарына көбею арқылы беріледі. Кез келген түрдің ұрпақтарының ата – енесіне ұқсас болғанымен, олардың дәл көшірмесі болмайды. Ұқсастықтар тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі хромосомаларда орналасқан гендер арқылы жүзеге асырылады.
Ген дегеніміз бір белгінің дамуына немесе белгілі бір ақуыз молекуласының құрылымына жауап беретін ДНК молекуласының үлескесі.
Хромосомада белгілі бір орындарда немесе ойықтарда гендер орналасады. Ол ойықтарды локус деп атайды. Ағзалардың жасушаларында ондаған хромосомалар және оларда орналасқан мыңдаған гендер болады. Жыныс жасушалары ұрықтанғанда аталық және аналық хромосомалары бірігеді де, осыған байланысты ағзаның келесі ұрпақтарында жекеленген жаңа белгілер қалыптасады. Бір белгінің дамуына аналық ағзаның гендері, ал екінші біреуіне аталық гендері
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>