атпада аунатып, сопақша келген шеті бар кірпіш формасындағы өнім дайындалады. Әр үлестірме сыбағаға 1-2 данадан пайдаланады.
Тефтелдер. Котлет массасын аз мөлшердегі наннан дайындайды. Шар тәрізді форма беріп, ұн аунатпасында аунатады. Әр сыбағаға - 2 данадан.
Орама(рулет). Аз мөлшердегі наннан котлет массасын дайындайды. Ылғалданған салфеткаға не дәкеге массасын салып, қалыңдығы 1,5-2 см, тік бұрышты формаға келтіріп, ортасына бойлап тартымдар салады да орайды. Формаға келтіру үшін дәкенің бір ұшы екінші ұшын жабатындай етіпң тоқаш нан формасын беріп, айқасқан жерін төмен қаратып даярлайды. Сосын май жағылған суырма табаға салып, сүрткішті алады. Орама бетіне льезон жағып, кепкен нан ұнтағын себеді. Жылумен өңдеу кезінде жарықтар пайда болмас үшін бетінен ине көмегімен тесіктер жасайды.
Сиыр еті,саңырауқұлақ және ірімшіктен дайындалған салаты
Құрамы:
Дайындалу уақыты: 80 минут300 г сиыр еті
Мөлшері: 4 порция150 г маринадталған саңырауқұлақ
142 ккал100 г ірімшік
1 алма,100 г майонез
1 бума сүтшөп
0. 5 бума көк пияз,тұз.
Дайындалу тәсілі:
Сиыр етін жуып,тұзды суда қайнатып пісіреді де,салқындатып,сабанға ұқсатып турайды.
Салма, көк пияз бен сүтшөпті жуады.
Саңырауқұлақты салқын суда жуып,аса майдаламай турайды.
Алма мен ірімшікті ірі көзді үккіштен өткізеді. Көк пиязды турайды.
Етті тәрелкеге төселген сүтшөп үстіне үйіп,бетіне алманы салып,оның үстіне саңырауқұлақты жайлайды.
Саңырауқұлақ үстіне ірімшікті үйеді.
Салатқа майонез құйып,бетіне көк пияз сеуіп,дастарханға қояды.
Карточка 1
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>