яғына,тұмсығы мен формалайды.
Шаңбақтан бір жіпке шілді,құрды,бұлдырықты,қырғауылды формалайды. Құстың аяғын денесіне қысып,сүбе астынан санның ортасынан ине қадайды да екінші бетінен инені сабағымен шығарып алады. Жіптің бір ұшы ине қадаған жерде қалдырылады. Содан соң сабақты инені дененің астына ауыстырып,аяғына жіпті іледі де инені сүбенің шығыңқы ұшы астынан қадап шығарады да жіпті екінші аяғына іледі. Жіптің ұштарын тартып,байлайды.
Аяғын аяғына ұсақ құстарды формалайды. Жабайы қанаттың бір аяғының өкше буынына жақын жерден тілік жасап,оған екінше аяғын іледі(кигізеді).
Тұмсығымен батпақ жабайы қанаттыларды формалайды. Пышақтың сыртымен немесе тәпкімен аяқ сүйегін тізісінен ұсатып сындырады. Содан соң оларды бір-біріне орап бұрайды да төс бөлігіне қапсыра қысады. Басын мойынмен денесінің оң жағына салады. Инемен санға тесік жасап,оған сынған аяқтарын бекіте отырып,тұмсығын қадайды.
Егер жабайы қанаттылар арық күйде түсірілсе,онда етке шырындылық және нәзіктік беру үшін ірі жабайы қанаттылардың(бұлдырық,саңырау құр,қырғауыл,ақ құр)сүбе бөлігін формалаған соң салқын маймен дәмдендіреді. Май томаршаға туралған болғаны ыңғайлы. Дәмдік сапасы мен сыртқы түрін жақсарту үшін денені ыстық сорпада-(60-70 С)немесе суға (60-70 С) 3-5 мин салып қояды. Ұсақ қанаттылардың сүбе бөлігін жұқа май таспасымен орап,ширам жіппен орап балайды.
Карточка 1
1. Жібіту тәсілі қалай жүзеге асырылады?
2. Үйіту тәсілін ата
3. Тазарту тәсілін көрсет
Карточка 2
1. Құстардың формалау түрлері
2. Аяғын аяғына буу арқылы формалау түрі
3. Тұмсықты жабайы қанаттыларды қалай формалайды?
Карточка 3
1. Құстың ба
Страницы: << < 19 | 20 | 21 | 22 | 23 > >>