игізеді. Мойын терісімен мойын тесігін жабады. Қанаттарын арқасына мойын терісін ұстап тұратындай етіп қайырады.
"Қалтаға"формалаудың басқа да әдісі қолданылады. Бұл жағдайда,өңдеу кезінде,аяғын 1-1,5 см еріп өкше буынынан төмен 30 бұрыш жасай шауып үшкір сүйек алады. Мойыны мен қанатшаларын бірінші әдістегідей формалайды. Сосын денені арқасынан төмен қаратып салып,аяғын денесіне тығыз жабыстыра басып, ұштарын айқастырады (крест на крест) . Аяқтың үшкір сүйекті ұштарын құрсақ ішіндегі жұмсаққа ілінетіндей етіп,құйрықтағы майға қарай бағытта құрсақтағы тілікке кигізеді. "Қалтаға" тауықты,тауық балапанын,күрке тауықты пісіру үшін,ал қаз бен үйректі қуыру үшін формалайды.
Бір жіпке формалау. Денені арқасынан салып,сол қолмен аяқтарын денеге жабыстыра қысады. Ал оң қолмен сабақты инені екінші беттің құрсақ көк етінің аяқ астынан шығатындай етіп қадайды. Жіптің бір ұшын инені қадаған орында қалдырып,екінші ұшын инесімен бірге тартып шығарады. Сосын жіпті аяғына іліп,дененің қарама-қарсы жағынан шығатындай етіп инені сүбе бөлігінің ұшына қадайды. Жіпті екінші аяғына іліп,инені құрсақ көк етінің аяқ астынан шығатын бағытта қадайды да қисайта тартып қарама-қарсы беттегі саннан шығарады. Сосын денені бүйірінен салып,бір қанатына қадайды. Мойын терісін арқа бұлшық етіне бекітіп,екінші қанатына қадайды да жіпті тартып түйіндеп байлайды.
Бір жіпке құсты қуыру үшін формалайды.
Екі жіпке формалау. Денені үстелге арқасын төмен қаратып салып,аяғын денесіне жабыстыра қысып,сандағы инені қадап,сүбе бөлігі астынан өткізеді. Ине жібінің бір ұшын бірінші қадаған орында қалдырып,екінші саннан қадап инені тартып шығарады. Сосын денені бүйіріне аударып салып,мойын терісімен мойын тегісін жабады. Одан әрі сабақты инені бір қанатшасынан өткізеді. Содан со
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>