Эссе

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

үгінгі ұрпаққа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінін оқытуда алдыма мынадай міндеттер қойдым:
сапалы білім негіздерін тәжірибемен ұштастырылған теориялық білім арқылы нығайту;
қажетті білімді ұлттық құндылық түсініктері негізінде беру;
оқушының тұлғалық келбеті мен шығармашылық ізденісін ұштау;
Оқушының өз халқының, өзге халықтың рухани қасиеттерін құрметтеуге үйрету;
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Жүрегімдегі адамгершілік алауымен шәкіртімнің жүрек отын тұтатып, ынтасы мен ықыласын әлдилеп, тұлға ретінде қалыптасуына асқан жауапкершілікпен қараймын. Сол үшін талмай еңбек етемін.
Өз тарихын, баба тарихын, әлем тарихы құндылықтарын жас ұрпақтың жанына сіңіре отырып, жайқала жапырақ жаюына, білім өрісінде жаңа әлемнің кілтін қолына ұстатып, өмірде өз орнын дұрыс таба білуге ұстаз ретінде әрі нұсқаушы ретінде еңбектенудемін. Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай: «Мұғалімдік мамандық –бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер –ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады». Алдымда отырған әрбір шәкіртімнің саналы да сапалы білім алуына, тәуелсіз елдің ұрпағы мен келешегі ретінде әрқашан іздену мен талпыну керек екенін есімнен бір сәт шығарған емеспін. «Мұғалімнің міндеті өз пәнін түсіндіруден гөрі тереңіректе. Ол адам – жасаушы адам» дегендей мен үшін көз алдымда жүрген әрбір шәкіртіммен сөйлесіп, жан дүниесін танып, түсініп, сыйлап, санаса білу үлкен қуаныш.
Ұлт болашағы – білімді ұрпақ. Еліміздің ертеңі , ғаламат жылдамдықпен дамып отырған ғаламшарға қазақ елінің келбетін танытар тұлғаға білім беріп, тәрбиелеу ізденістері жалпы білім беру саласында оқытудың жаңа жүйесін қалыптастыруға жол ашуда. Осыған байланысты тарихты оқытудың тиімді жолд

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: