Эссе

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ен айтқанда , өз жолын өзі аңдауына түрткі болу - міне , бүгінгі таңның басты мәселесі.
Еңбексіз талант – тұл. Шығармашылықтың негізі – ізденімпаздықта . Бұл орайда ұлы Абайдың : Өзіңе – сен , өзіңді сүйреп шығар деген даналық сөздері еріксіз ойға оралады. Баланың өз - өзіне деген сенімін қалыптастыру , өз бойынан шығармашылық қасиет іздеуге дағдыландыру оның өмірден өз орнын табуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы білім беру ісінің күретамыры.
Мен сабақты жоспарлауға отырған сәтімнен жұмыс бағытым «Мен сабағымды қалай өткіземін?» деген оймен қатар «Бұл сабақ материалы несімен қызық, оның балаға қажеттілігі неде және оны бала қажетіне жарата ала ма?» деген сұрақтарға жауап іздеу жұмыстарынан басталады.
Бала білімділігінің деңгейі мұғалімнің сабақты өту шеберлігі мен мазмұндылығы, әдіс-тәсілдер ұтымдылығы және сабақтағы жан дүние, сезім кеңістігінің үйлесімділігі сай келгенде ғана жоғары болады.
Сабақ тек жалаң білім беруге құралмай, оқушының шынайы қызығуы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс-танымына орай құрылса құба-құп болар еді.
Әрбір сабақта баланың ықыласын оятып, қолынан іс келетіндігіне сендіріп, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеймін және сабақта көздеген мақсатыма жету үшін сабақ құрылымын төмендегідей бөлімдерге жүйелеймін:
Ең алдымен, сабаққа дайындықты неден бастау керектігін қарастырып, ой елегінен өткіземін;
Сабақ мақсатын айқындап, қызметін белгілеймін;
Сабағымның оқушы көңілінен шығатындай, әрі қызығушылығын оятатындай етіп жоспарлаймын;
Бірнеше бөлімдер бойынша сабақ материалын даярлаймын;
Әр тапсырманың қайталанбауын қадағалаймын;
Шәкіртке ақпаратты тың қырынан танытуға ізденіс жұмыстары;
Таңдап алған оқу материалдарын топтаймын;
Сыныптағы оқушының тек өзіне

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: