Эссе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұстаз. Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе – жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде. Сол қиын мамандықты бұл күнде менде таңдап отырмын. Иә, ұстаздық атты сауапты да игілікті , жауапты мамандық жолында тер төккеніме он екі жыл болыпты. Заман көшінен қалмай, үнемі ізденіс пен үйрену жолында жүретін ұстаз үшін әрине, аз уақыт емес.
Қолыма қалам алып,ұстаз туралы ой қозғауға отырғанда алдымен өзімнің осы мамандыққа қалай келгемімді, қалай таңдағаным есіме түсті. Қалай?!
. . . Бойымен орташалардың қатарынан болғандықтан алдыңғы парталардың бірінде отыратынмын. Бұл менің жаңа мектепке келгеніме үшінші күн еді. Қазір үшінші сабақ, яғни орыс тілі сабағы болатын. Бұл пән оқу жылында бірінші болайын деп отырғандықтан менің бойымда бір қорқыныш әрі үрей бар болатын. Себебі: біз басқа елден көшіп келгендіктен орыс тілі мен үшін жат, шет тілі іспеттес болды. Мен соған қиналған едім. Қоңырау соғылып, ішке мұғалім кірді. Мұғалім отыздар шамасындағы аққұба әдемі келген, бота көзді, бойы тіп-тік әйел адам екен. Кіргеннен жылы шыраймен оқушылармен амандасып, жаңадан келген маған көңіл бөлді. Қорқынышпен отырған маған мұғалімнің жылы жүзбен, ашық-жарқын сөйлесуі үрейімді сейілтіп, қорқыныштан арылуыма көмек берді. Сол күннен бастап мен ол кісіге бауыр басып, жақындаса бастадым. Ол кісінің маған көмегі өте көп болды. Ол кісінің әрбір жүрген жүрісі, тұрысы, киген киімі, сөйлеген сөзі маған үлкен үлгі ретінде қалыптасып, бұған дейін дәріг

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: