Эссе

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ер боламын деген ойымды түбегейлі өзгертті. Осыдан бастап мен жалғыз мамандық иесі боламын. Ол-ұстаз деген шешімге келген едім.
Енді міне, менің алдымда өз шәкірттерім отыр. Мен оларға оң бағыт беріп, шығармашылығын қарапайым үлгіден жоғары деңгейге өрістетіп, мүмкіндігіне
қанат бітіре аламын ба? Олардың болашақтарына бағыт-бағдар бере аламын ба? Деген сұрақтар бұл күнде мені мазалайды. Бұл өте өзекті сұрақ.
Міне, осы сұрақтар мені үлкен мұраттарға жетеледі. Мен әр баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп, оның қызығушылықтарын анықтадым. Оларды білім нәрімен сусындата отырып , өз пәнім арқылы шығармашылық жұмыстарға үздіксіз баулыдым. Оқушының орындамаған тапсырмасының жауабын алдымен өзімнен іздедім. Міне, осылай менің ғұмыр парағымда ұстаз- сабақ- шәкірт атты өзінше өрнектермен өрілген өзгеше бір тараулар бастау алды.
Мұғалім- болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына білім мен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін ашатын әрі нұрландыратын адам болып табылады. Ең бастысы мұғалім адами касиеті мол, басқаға көмегін тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі екені сөзсіз. Ал, шәкіртті тәрбиелеу- ұлы міндет.
Елдік келбетімізді танытатын, мыңдаған шәкірттердің тағылым бесігі, ұлттық ұлағатымыздың алтын көмбесі –тіл – бүгінгі күнде қоғаммен бірге тыныстап, уақытпен бірге межелі міндеттерді белгіліп отырған пәндер. Осындай рухани нәрлі бұлақтарға тұщынтып, дәмін тамсата білсем, шәкірттерімнің ойы да құнды болмақ. Сондықтан да алдымен оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге шығармашылық бағдар беріп, алынған білімді керегіне жаратып, пайдаланудың жолдарын үйрету жолында тынымсыз еңбектенудемін. Әрине ол үшін жан-тәніммен еңбек етемін.
Б

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: