Обобщение опыта учителя казахского языка.
Ұстаз. Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе – жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде. Сол қиын мамандықты бұл күнде менде таңдап отырмын. Иә, ұстаздық атты сауапты да игілікті , жауапты мамандық жолында тер төккеніме он екі жыл болыпты. Заман көшінен қалмай, үнемі ізденіс пен үйрену жолында жүретін ұстаз үшін әрине, аз уақыт емес.