Электронды машиналар

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

, металл өңдеуші, қағаз өндіруші өндірістерде, транспортерлер т. б. Қуаты төмен двигательдер көптеген автоматика жүйелерінде қолданылады. Тұрақты ток генераторлары сияқты тұрақты ток двигательдерінің қасиеттері қоздыру орамдарының қоректенуіне байланысты анықталады. Осыған орай олар келесі түрлерге бөлінеді: қоздыру орамдары параллель, тәуелсіз, тізбектеп және аралас жалғанған болып бөлінеді. Бұл двигательдердің қосылу схемаларының генераторлардың қосу схемаларынан айрымашылығы оларда жүргізуші реостаттардың болуында, себебі бұл реостаттар жүргізу кезіндегі токтарды азайтады.




Сурет - 1 Тұрақты ток машинасының негізгі бөлімдерінің сызбалық кескіні: 1 - якорь орамасы; 2 - қыздыру полюстер; 3 - жарманың өзегі; 4 - ауа саңылауы; 5 - қосалқы полюстердің орамасы; 6 - статор жармасы(статина)

Тұракты ток машиналарының негізгі кемшілігі -- түйіскі рөлін аткаратын түкше мен коллектордын тез істен шығатындығы және онда элекгр үшқынының пайда болатындығы. Электр ұшкынының әсерінен коллектор тіліктері қатты кызады, жарылып та кетуі мүмкін, үстері бұдырланып түкшемен арадағы түйіс нашарлайды және мұндай машиналарды жарылу каупі бар жерлерде қолдануға болмайды.
Тұрақты ток машиналары жүктелгенде, оның магнит өрісі негізгі полюстер мен якорь орамасындағы магнит өрістерінің өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады.
Қазіргі кезде барлық электр энергиясы айнымалы токтың энергиясы түрінде өндіріледі. Өндірістің біраз саласына, транспортқа, байланысқа қажетті тұрақты ток айнымалы токты түзету арқылы алынады.
Айнымалы ток - бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсіріледі. Айнымалы ток байланыс қ

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: