Электронды машиналар

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

электрлік машиналары жеке түрде болады. Қазіргі заманғы электр машиналарындағы энергияның түрленуі магнит өрісі нәтижесінде болады. Осындай машиналар индуктивті деп аталады. Энергиясы электр өрісінің есебінен түрленетін электрлік машиналары да пайда болуы мүмкін. Бірақ ондай машиналар кең тарамаған, өйткені ауа саңылауындағы магнит өрісінің таралуы, электрлік машинасынан мың есе көп.
Электр машиналары қайтымдылық қасиетіне ие, әрбір электр генераторы қозғалтқыш режимінде және керісінше жұмыс істей алады. Ал әрбір трансформаторда және электрлік машинаның түрлендіргіштерінде турлену бағыты кері өзеріс алады.
Ток түріне сай электр машиналары айнымалы және тұрақты ток машиналары болып бөлінеді.
Тұрақты ток машиналары - өзара қайтымды электр техникалық құрылғы. Олар ешқандай құрылыстық өзгерістерге түспей-ақ, генератор немесе қозғалтқыш ретінде жұмыс істей алады. Тұрақты ток генераторлары, әдетте шағын қуатты электр энергиясының желілік көзі ретінде, мысалы: синхрондыгенераторлардың қоздыру орамаларын қоректендіруге қолданылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінде тұрақты ток машиналарын іс жүзінде қолданылмайды десе де болады. Тұрақты ток қозғалтқыштарының жүргізу моменті кішкене, айналым жиілігін реттеу шегі мейлінше аз, асинхронды қозғалтқыштарға қарағанда зор артықшылығы, оларды реттелетін электр жетекте теңдесі жоқ етеді.
Тұрақты ток машиналары электрқозғалтқыш және генератор ретінде қолданылады. Тұрақты ток қозғалтқыштарының айналу жылдамдықтары өте кең көлемде жақсы түрленетін болғандықтан оларды әртүрлі механизмдердің электрлік жетегі ретінде пайдаланады мысалы, транспортта: электровоздар, тепловоздар, электрпоездар, электрмобильдер, жүк көтеруші және жер қазушы қондырғыларда: крандар, экскалаторлар, шахталық көтергіштер, теңіз және өзен көліктерінде

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: