Электронды машиналар

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

ұрылғыларында (радио, теледидар, телефон т. б) кеңінен қолданылады.
Айнымалы токтың негізгі басымдылығы оны қарапайым және энергияның аз шығынымен кернеуді трансформациялауға (түрлендіруге) болатындығында, алыс қашықтықтарға жоғарғы кернеу және энергия қабылдағыштарының қоректенуі үшін төменгі кернеу алуға болады.
Одан басқа, бір фазалық және үш фазалық генераторлар мен қозғалтқыштар қарапайым құрылғыдан тұрады. Тұрақты ток машиналарымен салыстырғанда пайдалануы да қарапайым болып табылады.
Айнымалы электр тогы деп уақыт өтуіне қарай щамасы және бағыты бойынша өзгеретін электр тогын айтады.
Уақыттың функциясы болып табылатын периодты электр тогы синусоидалы электр тогы деп аталады. Айнымалы ток жайлы айтқанда ғана осы токты ескереді.
Егер айнымалы токтың теңдеуі немесе графигі берілсе, онда ток туралы бәрі белгілі болады. Бірақ та іс жүзінде токтардың теңдеулерін немесе графиктерін пайдалану қиындау.
Айнымалы токты әдетте оның әрекеттік мәнімен I сипаттайды. Түзеткіш құрылғыларды және электрлік машиналарды қарастырғанда ЭҚК-тің, токтың, кернеудің орташа шамаларын қолданады.
Айнымалы токтың әрекеттің мәні I периодтың Т уақытында тізбектің тек бір элементінде дәл сол шарттарда айнымалы ток қанша жылу бөлсе, сонша жылу бөлетін тұрақты токтың шамасына сан жағынан тең болады.
Айнымалы токтың үш фазалық жүйесі жиі қоладанылады. Тұрақты токқа қарағанда айнымалы токтың генераторлары мен қозғалтқыштарының құрылымы қарапайым, жұмысы сенімді, мөлшері шағын әрі арзан. Айнымалы ток әуелі шала өткізгіштер арқылы, ал одан кейін шала өткізгішті инверторлар көмегімен жиілігі реттелмелі басқа айнымалы токқа түрлендіріледі. Бұл жағдай жылдамдығын бірте-бірте реттеуді талап ететін электр жетектерінің барлық түрі үшін қарапайым әрі арзан қозғал

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: