ргі автоматты басқару жүйесінде ол орындаушы, реттеуші және программалаушы орган ретінде қолданылады;
электромашиналық түрлендіргіштер,айнымалы токты тұрақты тоққа немесе керісінше түрлендіреді, айнымалы немесе тұрақты кернеу шамаларын, жиілікті, фазалар санына өзгереді.
электромашиналық өтемдеуіштер (компенсаторлар),электрлік қондырғылардың қорек көзіндегі энергиялық көрсеткіштерін жақсарту үшін реактив қуатты өтемдейді;
электромашиналық күшейткіштер,аз қуатты электрлік сигналдар көмегімен, үлкен қуаттағы объектілерді басқаруда пайдаланылады. Ол сигналдар қоздыру орамдарына беріледі. Соңғы жылдары электромашиналық күшейткіштерді қолдану азайды. Олардың орнына шала өткізгіштер қолданылып келеді (транзисторлар, теристорлар);
сигналдарды электромеханикалық түрлендіргіште, олар әртүрлі сигналдарды түрлендіріп және өндіріп отырады. Олар көп жағдайда электрлік микромашина ретінде автоматика жүйелерін реттеуде қолданылады. Электрлік өлшеулерде, әртүрлі датчиктерде, сондай-ақ дифференциалдаушы және интегралдаушы элементтер ретінде, салыстырушы және реттеуіш органдар ретінде қолданылады.
Электр машиналары энергияны түрлендіргіш ретінде кез келген энергетикалық және өндіріс қондырғыларының маңызы элементі болып табылады. Олар генератор, двигатель немесе түрлендіргіштер ретінде электр станцияларында,өндірісте,ауыл шаруашылығында, темір жол, автокөліктерде және қаладағы электрленген транспортта, авиацияда кең қолданылады. Сондай-ақ электр машиналары автоматты басқарумен реттеу жүйелерінде қолданылуы дамып келеді.
Сонымен бірге электрлік машиналарының басқада түлері бар. Электрлік машиналар, басқаша айтқанда айтқанда электр энегиясының түрлендіргіштері, тұтынатын ток түріне байланысты тұрақты ток және айнымалы ток машиналары болып бөлінеді. Арнайы
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>