Электронды машиналар

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>

р алюминий, мырыш, жез металдары арқылы құрастырылды. Сонымен қатар, 1961 жылдан бастап кір жуғыш машинаның сыртқы бөлігі толықтай фарфорлы эмальмен қапталды. Бұндай машиналар судың кез-келген температурасына, кір жуғыш ұнтақтың әсеріне шыдаған. Машинаның бұлғауышы(мешалка) 1922 іске қосылды. Бұлғауыш кірді жоғарыдан асыға қарай және жан-жаққа қарай айналдырған. Ал, толық автоматтандырылған кір жуғыш машинасы 1937 жылы пайда болды. Көбіне машиналар 3-4кг кір жуады. Әр кір жуылған сайын 150 литр су кетеді. Сығу режимі арқылы жұмыс жасайтын кір жуғыш машинасы 1953 жылы саудаға шығарылған.




Сурет - 12 Кір жуғыш машина

Компьютер (ағылш. computer -"есептегіш"), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина(сурет-1. 13). Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі - есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі - басқару болып табылады. Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады. Бұл салаға мысал ретінде мәтінді аудару, эксперттің жүйелерді айтуға болады. Компьютердің құрылғылары.
Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады.
Дисплей (монитор) - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидар ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те аталады.

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: