й хан 1472-1473 жалдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.
Ендігі сөз қазақ хандығының құрылуының басында тұрған ұлы хандардың бірі Жәнібек хан туралы болмақ. Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына келсек, ол Керей ханның шөберелес туысы болғандықтан, олардың Орда Еженнен Орыс ханға дейінгі бабалары ортақ болып келеді. Жәнібек ханның азан шақырып қойған есімі - Әбу Сайд. Ақ Орданың соңғы ханы, атақты Барақ ханның Мір-Сайд, Мір-Қасым атты ұлдарынан кейінгі кіші ұлы. Сол себептен болу керек, ХVІ-ХVII ғғ. қазақ тарихшысы Қадырғали би Жалайыр оны "Кіші Жәнібек хан" деп айтады.
Жәнібек хан шамамен XV ғасырдың басында дүниеге келген. Жоғарыда айтылып кеткендей Керейден соң хандыққа Жәнібектің келуі ата дәстүріне сай жүзеге асады. Жәнібек хандық билікке шамамен 1465-66 жылдары отырған. Ханның билігі 6-7 жылға созылады. Оның тұсында хандық тарихында үлкен маңызға ие бірнеше оқиға болады. Біріншісі, 1469 жылғы Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына жасаған жорығы сәтсіз аяқталып, ханның қайтыс болуымен аяқталады. Екіншісіне Дешті Қыпшақта шайбанилық әулет билігінің жойылуы жатады. Шайбанилар әулетінің билігі өздігінен жойылмады, оны жояды. Жойғандардың ішінде Сібір хандығы, ноғай мырзалары, Алтын Орда хандығы, Хорезм хандығы және Жәнібек хан басқарған Қазақ хандығы болды. Жәнібек ханның атқарған тарихи рөлін осы жерден көреміз. Жәнібек хан XV ғасырдың 70-ші жылдарының басында, шамамен 1473-74 жылдары қайтыс болған. Жәнібек ханның артында тоғыз ұлы қалады. Оның ішінде Жиренше, Махмұт, Қамбар, Әдік, Қасым секілді ұлдары XV ғасырдың соңы XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығы тарихында үлкен рөл атқарады. XVI ғасырдың ортасы мен екінші жартысында Жәнібек ханның Жәдік атты ұлы мен оның ұрпақтары саяси билікті қолдарында ұстайды. Қазақтың ханы болған Тәу
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>