екел, Есім, Жәңгір, Тәуке хандар - Жәнібек ханның ұрпақтары болып келеді. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
Керей мен Жәнібек хандарға тағдыр жаңа этникалық бірлестікке негізделген мемлекет құру және оны басқару үлесін берді. Бұл үлес кездейсоқ сияқты болып көрінгенмен, заңдылық болатын. Өйткені екі ханның арғы ата-бабалары - Шыңғыс ханның Керей мен Жәнібек хандарға дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билікті мұрагерлік жолмен иемденіп, атадан балаға қалдырып отырған. Басқаша айтқанда, Керей мен Жәнібек бірнеше ғасыр бойы уысынан билік кетпеген өте мықты әрі өте беделді әулеттің өкілдері болып табылады.
Керей хан немереінісі Жәнібекпен бірге отырып, жас мемлекеттің іргесін бекітіп, шаңырағын биіктету үшін үлкен еңбек сіңірді. Монғолстан ханымен бірлесіп, ойрат тайпаларын қарсы күресті. Қазақ хандығының шаңырағын тіккен екі ханның бірі Жәнібек қазақ ұлттық элитасының негізін салушы ірі тұлға екені әмбеге аян. . "Қазақ ханы Жәнібек Сарайшықта жерленген" деген пікірді шегелейтін айғақтардың жоқ екендігі, оның өзге деректермен қошталмауы, "Кіші Жәнібектің" өлке тарихындағы рөлі - әлі де тереңдете зерттей түсуді қажет етеді.
Суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың
мақтанышына айналды. Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: "Жетісудың ағашының басы жеміс екен" десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: "Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына су қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас" деген екен.
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тындаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әрі тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.
Керей мен Жәнібектің өнегелі өмірі, тағлымды т
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>