Елдіктің терең тамыры

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

Орыс ханның үлкен ұлы Тоқтақиядан Болат, одан Керей туады, ал кіші ұлы Қойыршақтан Барақ, Барақтан Жәнібек туады. Ал Жәнібек хан мен Болаттың ұлы Керейдің бір тарихи кезеңде өмір сүргені және белгілі. Олардың да арасындағы жас айырмашылықтары 10-20 жыл деп санауға болады.
Сонымен Керей хан(туған, өлген жылы белгісіз - 15ғасырдың 70-жылдарының бас кезі) - Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Керей хан мен Жәнібек хан қол астындағы ру-тайпалармен 1457 жылдың күзінде Шуөңіріне көшіп келген. Ал 1458 жылдың көктемінде Керейді хан етіп көтерді. Керей хан 10 жылдай Шу бойында хандық құрған. Бұл жылдар хандықтың құрылуының алғашқы кезеңі, сатысы болатын. Керей ханның билігі тұсында жаңа хандық-саяси күш ретінде бірнеше міндеттер орындалады:1)Жүніс ханның Есенбұға ханның тағына таласы уақытша болса да тоқталады. 2)Монғол ханы Есенбұғаның өз елінде ықпалы өседі. 3)"Көшпелі өзбектер" елінің күйреу процесі тереңдей түседі. 4) Қазақ хандығындағы халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді.
Енді "Неге тұңғыш хан Жәнібек емес, Керей болды" деген сұрақ төңірегінде жауап бере кетейік. Қыпшақ мемлекетінің өзіне тән ғана белгі болды, ол хандық биліктің әкеден балаға емес, әкеден немере туысқа не ініге берілетіндегі. Бұл әдет жасы үлкенді сыйлауға, соған құрмет көрсетуден туса керек. Дешті қыпшақтың билеушісі Барақ хан болған. Монғол дәстүрі бойынша келесі хан оның ұлы Жәнібек болуға тиіс еді, бірақ жергілікті халық дәстүріне сай келесі билік Барақтың немере туысы Керейге тиді. Ал Керейден соң оның ұлына билік тимей, Жәнібек хан болды. Керей хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер жоқ. Кере

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: