Ежелгі Грекиядағы шешендік танудың дамуы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

рды.
3 топ. Сократтың тәсiлi -- асқан шеберлiкпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгiме-дүкен құру, сөйтiп күрделi, ғибратты ойлар өрбiту. Сократ ұғымдардың өзара байланысу диалектикасына жеттi. Ал диалектика -- ақылды ұстартатын ой кешу тәсiлi. Сондықтан ол шешендiк өнердiң шұрайлы өрiсi бола алады. Адамдарды белгiлi бiр уәжге тоқтату, шынайы ақиқатты мойындату -- диалектика мен риторикаға ортақ. Софистердiң риторика ғылымына сiңiрген еңбегiн әдебиетшi ғалым С. Негимов былайша бағалайды: "Олар риториканы - шешендiк, эвристиканы -- тартыс өнерi, диалектиканы -- дәлелдеу өнерi дәрежесiне жеткiздi" -- дейдi .
Шешендiк өнер теориясының бүтiн бiр дәуiрiн тудырған атақты грек ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагогика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарының түп-тамырын қозғап зерттеген Аристотель творчествосы. Шешендiк өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнiнiң ауқымын өзiне дейiнгi бұл мәселеге қатысты көзқарастармен салыстырғанда кеңейте түстi. Аристотельдiң айтуынша, риторика жекелеген пәннiң арнасында қалып қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. Осы қасиетiмен ол дәрiгерлiк, арифметика, геометрия т. б. арнайы ғылымдардан ерекшеленедi.
Шешендiк өнер -- диалектика өнерiмен пара-пар. Онда жалпылық бiтiм бар. Шешендiк өнердi iрi-iрi мемлекеттiк iстердi шешу үстiнде де, сонымен қатар жеке бiр адамның тағдырымен байланысты жайттарды қарау үстiнде де қажетсiнемiз деген ой төркiнiн ұстанады.
4 топ.
Сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатуға тиісті. Философиялық білім тереңдігі арқылы сапаға жетуге болады, ал көркемдік талғам мен шешендік тәсілдері сөзді эстетикалық сенімділік қалпына келтіреді.
Цицерон шешендік жаттығуда жазып

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: