Ежелгі Грекиядағы шешендік танудың дамуы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

еді.
Жомарт адам - керек кезде керекті адамға керекті нәрсесін беретін жан.
Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету.
Өмір сүру - бірдеңе сатып алып, біреуден бірдеңе сұрау емес, қажет нәрсеңді өз қолыңмен жасау.
Кеудесі кең адамның артықшылығы сол - жақсылықты өз пайдасы үшін емес, шын жаны ашығаннан қылады.
Біздің мінезімізді құрайтын - біздің күнделікті әдеттеріміз.
Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.
Көпшілікпен араласпайтын адам не құдай, не жануар.
Ақылдылық - біліміңді дұрыс пайдалана білуде.
Адамның түсініктерін қалыпстастыратын - мемлекеттің құрылу формасы.
2 топ.
Шешендердің бiрi -- Демосфен. Көне Грецияның маңдай алды шешендерiнiң бiрi -- Демосфен. (б. д. д. 384-322 жж. ) Құл иеленушiлiк дәуiрдiң өкiлi, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам. Оның Македонияның үстемдiк әрекеттерiне қарсы дербестiк үшiн болған Афина күресiнiң тұсындағы саясат шешен сөздерi, әсiресе, антимакедониялық партияны басқарған кездегi және оның Македония патшасы Филипке қарсы айтқан сындарлы сөздерi тарихта қалып, тағылымдық сөздердiң қатарына ендi. Шешендiк өнер Демосфен өмiрiнiң мәнi болды, ол оны аталмыш өнердiң ұстазы етiп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектiң
арқасында "өзiн-өзi қайта туындатты", әлем шешендерiнiң эквивалентiне айналды.
Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегiне жеткiздi. Ол өзiнiң болмысы арқылы Цицеронның "Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады" деген аталы сөзiн дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптiң қазақ топырағындағы көрiнiсiн бабаларымыз "көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады" деп ұлағатты оймен өрнектеген. Демосфен өз өнернамасында сұрақ-жауап әдiсiн кеңiнен пайдаланған. Осылайша, сөздiң драма

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: