дайын-далудың да маңызды екендігін ескертеді. Ол: "Қалам - көркем сөздің ең жақсы жат-тықтырушысы", - дейді. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы - шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік "бейнесі", өз мәнері болғаны абзал.
Цицерон шешендіктің өнердің басқа салаларына қарағанда нәзік екендігін былайша бейнелейді: ". . . Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-дағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды дей салады. . . Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам кө-ңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды".
Цицерон шешендік өнерді игерудің бес әдісін айқындаған. Оның ең біріншісі, айтарыңның болуы, яғни сөзіңнің мазмұны. Екіншісі, сол айтпақ ойыңды салмақтап, жүйеге келтіру. Үшіншісі, көркемдеу, яғни әдеби өңдеу.
Төртіншісі, жадыға сақтау. Бесіншісі, келістіріп тұрып жақсылап айтып беру, сөйлеу.
Шешендік туа бола ма, жүре бола ма деген таласты пікірге осы бес әдіс жауап бергендей. Цицерон жаратылыстан болатын табиғи қабілетті мойындай отырып, тек қана соған малданып қалмай, жетілдіру қажет деп санайды. "Мен қандай шешенді болсын ғылым шыңдай алмайды дей алмаймын. Іздену арқылы жақсы қабілетті же-тілдіруге және орташаны да қалыпқа келтіруге болатынын мен жақсы білемін", - дейді.
Ол өз заманындағы, яғни Рим шешендік мектептерінің оқыту жүйесін теориялық, фило
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>