лық қасиетiн күшейттi. Ол нақтылы дерек көздерiмен сөйлеген, ойды түсiнiктi, еркiн баяндаған. Сөйлеудiң техникасын еркiн меңгерген ол тыңдаушы алдында мың сан қозғалысқа түскен. Демосфен сөздерi сөйлеу мәнерiмен туған. Қарапайым және көтерiңкi пафоспен (екi стильде) келедi. Ол осы екi стильдi де еркiн игерген. "Демосфеннен 170 қолжазба (60 жалынды сөз, 56 жазба сөз, 6 хат) бiздiң дәуiрiмiзге келiп жеттi /5:13/. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық Римде сөз құдiретiне ие болған адамға тәңiрiндей табынған. Олар "адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: бiрi -- қолбасылық, екiншiсi -- шешендiк" деп бiлген /6:3/. Республикалық Рим мемлекеттiк iстердi халық жиындарында, сенатта, сотта ерiктi әрбiр азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне ие болатындай жағдайда қараған. Сондықтан Рим республикасының әрбiр азаматына шешен сөйлеудiң қыр-сырына қанығып өсу мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындаған. Рeспyбликалық Рим үшiн қоғамдық қарқынды өмiр, сөз бостандығы шeшендiк өнeрдiң кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша айтқанда "дeмократия -- шeшендiк өнeрдiң анасы" /7:189/. Бiрақ Римдe рeспyбликалық өкiмeттiң құлаyы Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына тeжey салды. Көнe Рим шeшeндiк өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды танимыз. Марк Тyлий Цицeрон -- шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк өнeр қақындағы ұлы ойларын "Шeшeндiк өнeрдiң үш трактаты" ("Шeшeн тyралы", "Брyт", "Шeшeн") eңбeгiндe зeрлeп қалды
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>