ырды түріп ұйқыңды, "Шеңберге тұр!" - деп баршаңды. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы күн, балалар! - Қайырлы күн, апай!
Балалар мектепке не үшін барады? Мектеп сендерге ұнай ма? Мектептен не үйрендіңдер? Мектеп бізге керек пе? Балалардың жауаптары тыңдалады.
Сәлемдесіп ,жаттығуды жасайды.
Ұйымдастыру - ізденушілік
Педагог "Тіл дамыту және көркем әдебиет" бойынша оқу іс-әрекетінен өткен А. Хамзаұлының "оқу құралдары хи- каясы" ертегісін естеріне түсіреді (Қосымшадан қараңыз). Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. "Оқу құралдары хикаясы" ертегісінің кейіпкерлерін ата. Айсұлу тәрбиеленушілерге дайындап алып келген кар- точкаларын таратады немесе таңдау жасатады. Балалар сол карточкаларға байланысты өз рөлдерін алады. Жарты топ ойнаушы, жарты топ ешқандай сурет бейнелен- беген карточкалары бар көрермендер. Тәрбиеленушілер ертегі желісі бойынша рөлдерге бөлініп, сахналайды. Бірінші топ балалары екінші топ балаларымен ауысып ойнайды. 2-тапсырма. "Бірлік болмай, тірлік болмас". Мақалдың мазмұнын талдай отырып ертегі мазмұнымен байланыстыру.
3-тапсырма. Дыбысты дұрыс айту жаттығулары: Ме-ме-ме - мектеп. Дә-дә-дә - дәптер. Кі-кі-кі - кітап. Бі-бі-бі - білім. Көптілділік: мектеп - школа - school дәптер - тетрадь - notebook кітап - книга - book 4-тапсырма. Қасында отырған жұбымен оқу құралдары арасындағы диалогті құрастыруға тапсырма беріледі. 1. Өшіргіш пен Дәптер. 2. Өшіргіш пен Қаламсауыт. 3. Кітап пен Дәптер. ойын-жаттығу: "Менің көңіл күйім" Педагог тәрбиеленушілерге: - көңілсіз, жабырқаған, ойланған, ашулы; - көңілді, күлкілі, қайырымды т. б.
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>