> Пештік транформаторларын балқыту кезеңінде 20 аса жүктемелмеуімен жұмыс істей алатындай етіп құрастырады.
Кернеудің сатыларын ауыстырып қосқыштар пештік трансформатордың беретін қуатын реттеуді атқарады, ол трансформатордың екіншілік шығыстық кернеуін, яғни оның төменгі жағындағы кернеуін өзгерту жолымен істелінеді. Жұмысқа бірінші реттік орамалардың көп немесе аз сан орамдарын қосып трансформация коэффициентін өзгертеді де сонымен екінші реттік орамадағы кернеуді, яғни трансформатордың кірістік кернеуін өзгертеді. Ауыстырып қосқыштың жетегін әдетте пешті басқаратын пульттан дистанциялы (аралық) басқарады.
Қуаты 15-20МВА және одан жоғары пештік трансформаторларда жүктеме астында ауыстырып қосуға мүмкіндік беретін және трансформатормен бір қаптамада орналастырылатын, кернеуінің сатысы 23 ауыстырып қосқыштары қолданылған. Қуаты төмендеу трансформаторларда жеке кернеу сатылары 2-12 ауыстырып қосқыштар қарастырылған, олар тек жүктеме алынғанда ғана жұмыс істей алады (бас ажыратқыш ажыратулы тұрғанда).
Кіші пештерде жоғары кернеудің орамаларын қосылыстың үшбұрыш сорабынан жұлдыз сорабына немесе керісінше ауыстырып қосуын пайдала-нады; үшбұрыштан жұлдызға ауыстырып қосу екінші реттегі кернеуді 1,7 есе азайтады.
Келте (қысқа) торап деп трансформатордан электродұстағыштың бүркеншігіне дейінгі тоқ жеткізгішті айтады. Оған трансформатордан трансформатор бөлімшесінің қабырғасы арқылы келетін шиналар, қабырғадан электродұстағыштың жеңіне дейінгі солқылдақ кабельдер немесе электродұстағыштың жеңінің үстіндегі сумен салқындатылатын құбырлар кіреді. 100т-лық доғалы пештің келте торабының элементері - сумен салқындатылатын тоқ жеткізетін құбыр - 11а, солқылдақ кабель 11б және трансформаторға баратын шина - 11в көрсетілген.
Трансформатордан электродтарға
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>