Доғалы пештің электр жабдықтары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ін толтырылған минералдық май сөндіреді. Ауалыда доғаны сығымдалған ауаның ағыны сөндіреді; майдың болмау арқасында ол өрт және жарылғыш қауіпті болады. Электр магнитті ажырат-қыштарда доғаны сөндіру түйістердің ажырау сәтінде пайда болатын көлденең магнитті өріспен жүргізіледі. Бұл ажыратқыштардың артықшылығы сығымдалған ауаны және оқшаулағыш майды қажет етпейтігінде. Кернеуі 110кВ және одан жоғары тізбекте пайдаланылатын вакуумдқ ажыратқыштар жұмыс жасау мерзімінің ұзақтығымен ерекшеленеді, өйткені олардың түйістері қалайыланған вакуумдық доға сөндіргіш камераның ішіне орналасқан. Бас ажыратқыш барлық оперативті қосуды және пеш қондырғысын оның жұмыс істеу үстінде ажыратылуын атқарады. Одан басқа, тиісті датчиктердің белгісі (сигналы) бойынша жұмысының кәдімгі тәртібі бұзылғанда қондырғыны ажыратып тастайды (келте желіде тоқтың күші өскенде, трансформатордың салқындату жүйесіндегі майдың температурасы және пеш элементтерінің салқындату жүйесіндегі судың температурасы көтерілгенде және т. б).
Дроссель немесе реактор доғаның жануын тұрақтандыруды және тізбекке индукциялық кедергі енгізу жолымен қысқа тұйықталу тоқтарын шектеуді атқа-рады және майы бар қаптамаға отырғызылған, өзекшесі бар үш орама түрінде жасалынған. Орамадағы көп санды орамдар дроссельдің жоғарғы индукциялық кедергісін қамтамасыз етеді. Кейде дроссельді трансформатормен бірге бір қаптаманың ішіне орнатады.
Дроссель қосулы тұрғанда қондырғының қуатының коэффициенті cosα төмендейді, сондықтан ваннаға сұйық металл көп жиналғаннан кейін және доғалар тұрақты жаңа бастағаннан кейін оны көмекші майлы ажыратқыш көмегімен шунттай отырып дроссельді ажыратады.
Трансформаторының қуаты 10МВА пештерде трансформатормен келте торабтың индукциялық кедергісі өте зор, сондықтан дроссельдің қажеттілігі жо

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: