Доғалы пештің электр жабдықтары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қ.
Пештің трансформаторы жоғары кернеудегі электр энергиясын төмен кернеудегі энергияға түрлендіну үшін арналған. Үш фазалық пештік трансформатор өзара байланысқан үш өзекшеден тұрады, олардың әрқайсысына жоғары және төмен кернеудің орамалары бекітілген. Өзекше орамамен бірге оқшаулығыш және транcформаторды салқындатқышболатын трасформарлық маймен толтырылған қаптаманың ішіне отырғызылған. Қуаттылығы 5МВА трансформаторларында майдың сулы салқындатқыш арқылы өткізілетін мәжбүрлік айналуын қолданады. Қуаттылығы 10МВА-ге дейінгі кейбір трансформаторларының қаптамасына майымен бірге қосымша дроссель, ал жоғары қуаттылардың көбінде, жүктеме астында істейтін, кернеу сатыларын ауыстырып қосқыштар орналасқан.
Пештік трансформатордың қуатын уақыт озған сайын арта түсіреді. Ертеректе қуатты шихтаның балқу кезеңінде ол толық, ал тотығу және тотықсыздану мерзімінің ішінде тек 30-70-ға ғана пайдаланылады деп алатын болған, өйткені балқығаннан кейін пешке берілетін жылу қажетілігі азаяды. Сондықтан қымбат жоғары қуатты трансформатордың пайдалану дәрежесі төмен болғандықтан пешке қарапайым және арзан аз қуатты трансформаторларды орнату әлде қайда үнемді деп санаған. Соңғы 10-15 жыл аралығында доғалы пештерді көбінесе жоғары қуатты, (600-900кВА/1 т болатқа) шихтаны шамамен 1 сағатта балқытатындай трансформаторлармен салады. Жоғары қуатты тиімді пайдалану мұнда балқытудың технологиясын өзгерту - тазартудың басты операцияларын пештен ожауға шығару есебімен қамтамасыз етіледі. Жаңадан салынып жатқан және ескі пештердегі трансформаторлардың қуаты туралы мәліметтер төменде келтірілген:

Пештің сыйымдылығы, т 6 12 25 50 100 150 200
Трансформатордың қуаты, МВА:
Ұсынылатыны 4 8 12,5 32 80 90 125
ескі пештердегісі 2,8-4 5-8 9-12,5 15-50 25-50 - 45


Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: